Илон Масктың жаңа платформасына Президент қаржы сал демеді

Жақында әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Илон Маск жасаған инвестициялық платформаға инвестиция салуға шақырған видеосы тарады. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал сарапшылары бейнені онлайн-депфакт детекторы арқылы тексеріп, бейненің нейрондық желі арқылы жасалғанын анықтады.

БАҚ-та Илон Маск пен Қазақстан Республикасының Үкіметі қандай да бір инвестициялық платформаны бірлесіп әзірлегені туралы ақпарат жоқ. Мұндай хабарламалар Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланбаған.

Интернетте Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы көптеген жарияланымдар бар. Илон Маск пассивті кіріс үшін ешқандай платформа құрған жоқ. Ал мұндай стартаптарға ақша салуға шақыру кибералаяқтардың жұмысы екені белгілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *