ЖАНЫ ЖОМАРТ ЖАНДАР БАРДА АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Әрине, армандар орындалады. Ұрпағының бақыты үшін тіршілік кешетін ұлтымыз үшін баланың орны қашанда бөлек. Арманның жетегінде жүрген бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауға қаншама адам тіпті жанын құрбан етуге дайын.
16-шы рет өтіп отырған «Армандар орындалады» жобасының бұл жолғы демеушілері, балақайларға қуаныш пен шаттық сыйлауға асыққан қатысушылары өңіріміздегі ақпарат саласының өкілдері болды. Осынау ерекше жобаны қолға алып, жасөскіндердің арманын ақиқатқа айналдыруға білек сыбанып кірісіп жүрген Әсел Бимырзаева ханымның еңбегін атап өтпеске болмас. Жас жүректерге жылу сыйлауды күнделікті дағдысына айналдырып, қарбалас тіршілік барысында балақайлардың арманын орындауды өз мүдесінен жоғары қоя білген Әселдің бұл ісі ерлікке пара-пар десек артық айтқандық болмас.

«Turan Mall» кешеніндегі «Baloo activity park» балалар ойын алаңшасында ұйымдастырылған балдырғандардың жаңа жылдық кешіне біз де бардық. Қолымызға хат алып, асқақ арманның жетегінде жүрген жеткіншектермен бірге қол ұстасып би биледік. Ақжарма тілегімізді жеткізіп, мерекелік кештің салтына сай сый-сияпаттар тапсырдық. Олармен тілдесіп, бірқатар балалармен жақын таныс болдық.
Сонымен бірге, жаңа жыл мерекесіне орай 25 ата-ана қамқорлығынан айрылған, аз қамтылған отбасылардың балаларына да сыйлықтар табысталды.
Айта кетейін, балалардың қуанышын еселеуге атсалысқан әріптестерімнің қатарында белгілі журналистер Жандос Жұмабек, Төребек Байтас, Жанна Әлімбай, Әлия Ортаева, Қайрат Кәрібаев, Орынбек Қасымбек, Бауыржан Ерман деген азаматтардың есімдерін атап өткеніміз жөн болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *