Алты өңірде ауа райы бұзылады

Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы, орталығы тұманды болады.

Ақмола облысының батысында тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *