“ҚАҢТАР — ҚАРАП ОТЫРАТЫН ЕМЕС, ҚАМДАНАТЫН АЙ”


Түркістан қаласындағы жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерді табиғи газбен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Сараптама қорытындысы тапсырмада белгіленген мерзімнен кешіктірілмейді.
📌 Бұл жөнінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте баяндалды.
📌 «Түркістан қаласындағы жобадан тыс қалған және жаңадан қоныстанған аумақтарға ауыз су жүйесін жүргізу. 2-кезек» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттар демеушілер есебінен әзірленіп, сараптамаға ұсынылды.

📌 Қала аумағында электр қуаттылығын арттыруды қажет ететін аймақтар үшін 20 дана трансформатордың сметалық құжаттамасы дайындалды. Орындары секторлар және «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің ұсыныстарымен анықталды. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, тапсырма берілген мерзім ішінде толық орындалады.
📌 Атқарылған жұмыс есебін алып, саралаған Нұрбол Әбдісаттарұлы:
— Қаңтар — қарап отыратын емес, қамданатын ай. Күн жылынғанда құжатты ойламай, құрал-сайманды ыңғайлау керек. Барлығымыздың жұмысымыз қаланың әлеуетін арттыруға бағытталған, мақсат — ортақ. Сондықтан, алдарыңызға келген құжаттарды кідіртпей қараңыздар, — деп жиналысты қорытындылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *