РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА ҰСЫНДЫ


Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театры Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, төрге жаңа жыл!» атты әзіл-сықақ, думанды кешін көрерменге ұсынды.
Өткен жылды қорытындылаған кеш көптің сұрауы бойынша қайта қойылды. Екі күн қатарынан көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Концерт бағдарлама барысында «Тарлан» вокалды-инструменталды ансамьлдің сүймелдеуімен жанды дауыста әуезді ән, көңілге күлкі ұялатар қызықты көріністер ұсынды.
Айта кетейік, 16 қаңтар күні дәл осы театрда Қ.Төлеуішевтің аудармасындағы М.Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы сахналанады. Билеттер театр кассасында сатылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *