ТҮРКІСТАНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АШЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ


Бүгін Түркістан қаласында үстел теннисінен “Әбілдә атамыздың 100 жыл Жібек анамыздың 90 жыл толуын еске алуға арналған” ашық турнирінің ашылу салтанаты болып өтті.
​🔹Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы Қожахмет сөз сөйлеп жарысты ашып берді. Сондай ақ үстел теннисінен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт ардагері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Жүсіпбаев Үмбет Әбілдәұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарға жетістікке жетудің сырын жеткізді және Түркістан облысы теннис клубының директоры Таушаев Алмас сөз сөйлеп спортшыларға сәттілік тіледі.
🔹Аталған турнир 04-07 қаңтар аралығында созылатын болады. Турнир Түркістан облысы дене шынықтыру ​ және ​ спорт ​ басқармасының ​ «Түркістан ​ қалалық​ №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Балуан Шолақ спорт кешенінде үстел теннисінен 2007-2013 ж.т және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында және 18-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас, +70 жастан жоғары ардагерлер арасындағы спортшылар қатысатын болады.

🔹Жарысқа Қызылорда облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысынан Сайрам ауданы, Бәйдібек ауданы, Отырар ауданы, Ордабасы ауданы, Жетісай ауданы, Сарыағаш ауданы, Мақтарал ауданы, Төле би ауданы, Сауран ауданы және Түркістан қаласынан сондай-ақ, Өзбекстан мее Қырғызстаннан жалпы 400 ге жуық жасөспірім ұлдар мен қыздар және ардагер спортшылар келіп қатысуда.
​ 🔹Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт барсқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» ​ директоры ​ Сарсенбаев Ануар Амантайұлы келген спортшылар сәттілік тілеп, қонақтарға ​ ризашылығын ​ білдіреді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *