ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНА «UMAI-2023» ЕКІНШІ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ


Түркістан музыкалық драма театры республика бойынша жетістікке жетіп, Қазақстан Республикасының «Umai-2023» екінші ұлттық сыйлығының «Хореографиялық өнер» номинациясында үздік атанды. Атап айтсақ, «Үздік заманауи хореография спектаклі» сыйлығымен «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымы марапатталды. Қатарынан екінші жыл ие болды.
Жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанатын спектакльде көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, соңында туған жері – Сырдарияға оралады. Қоюшы-режиссері – Константин Семенов. Композиторы – Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.

Айта кетейік, былтыр елімізде мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған жаңа ұлттық жоба қолға алынып, үздік өнер майталмандарына алғаш рет «Umai-2023» сыйлығы табысталған болатын. Сыйлық театр өнері, музыка өнері, хореография өнері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынды 4 бағыт бойынша беріледі және бірнеше аталымды қамтиды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *