ШАХМАТТАН ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Түркістан қаласында 7- қаңтарда басталған шахматтан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.
Спортшылар шаршы тақтада шахматтың «классикалық рапид» және «блиц» түрінен жарысқа түскен болатын.
Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 405 ойыншы қатысып, 54 үздік оза шықты. 54 финалисттің ішінен оза шыққан 5 ойынша Бразилияның Флорианополис қаласында қазан айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

10 күнге жуық мықтылар жарысқан бәйге нәтижесінде командалық есеп бойынша І-орынды Астана, ІІ-орынды Атырау облысы иеленсе, ІІІ-орыннан Қызылорда облысының құрамасы көрінді.
Марапаттау шарасына Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚШФ-ның Түркістан филиалы президенті Еркеғали Әлімқұлов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
Жеңімпаз және жүлдегерлер арнайы кубоктар мен алғыс хаттар және медальдармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *