ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ


Бүгін облыс орталығында кіші футболдан өткен әуесқой лига ойындарының жеңімпаздары марапатталды.
⚽️Түркістан қаласы бойынша өткен жарыста 94 команда бақ сынады.
⚽️Дода 2023- ші жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өтті.
⚽️Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шаһар басшысы қатысып, ізгі тілегін арнады:

-Өткен жылды спорт саласы бойынша қаламыз жарқын жетістіктермен аяқтаған болатын. Бүгінде қаламызда 260-тан аса спорт нысаны тұрғындар игілігіне жарап тұр. Бұл нысандардың қатарын көбейтіп, әуесқой спорт сүйер тұрғындар мен спорт саласына қолдау жалғасып, бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда, — деді қала әкімі өз сөзінде.
2023 ЖЫЛДЫҢ ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ КҮЗ — ҚЫС МАУСЫМЫНДА ЖЕҢІМПАЗ БОЛЫП КЕЛЕСІ КОМАНДАЛАР ТАНЫЛДЫ ⬇️

🏆СУПЕР ЛИГА
1-ШІ ОРЫН: FC ALLO.PIZZA.KZ
2-ШІ ОРЫН:ЯССЫ ГОРОД
3-ШІ ОРЫН:JOLDYN ASTY командалары.
🏆35+ ЛИГА
1-ШІ ОРЫН:LFK NAQYP ALTYI
2-ШІ ОРЫН:ТУРКЕСТАН MARKA.KZ
3-ШІ ОРЫН:ЖАМАҒАТ командалары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *