МЕЙІРІМ — ЖҮРЕКТЕН, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — БІЛЕКТЕН


«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік деп білген.
Бүгін рухани шаһарда кезекті игі істің нәтижесінде тағы бір отбасы баспаналы болды.
Әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыға «Үлес» қайырымдылық қорының мүшелері бірігіп, үй сыйлады.

Жаңа үйді табыстауға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, қалалық Аналар алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева қатысты.
Игі шарада құттықтау сөз алған Жарылқасын Әзіретбергенов аталық батасын беріп, жылы лебізін арнады.
«Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың айтуынша, бұл 40-шы отбасының қуанышы. Үйдің иесі мүгедек баласы бар, өзі де жары да II топтағы мүгедектігі бар азамат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *